Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: istockphoto.com
Операцияға Фуцзянь теңіз бюросы, Гуандун теңіз бюросы, Шығыс Қытай теңізінің кеме қатынасы қауіпсіздігі орталығы және Шығыс Қытай теңізінің құтқару бюросы қатысуда.
Қытай тарапының мәліметінше, операцияның негізгі мақсаты елдің юрисдикциясын нығайту, теңіздегі кеме қозғалысын бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ресми Бейжің бұл қадамды Жапония мен Филиппиннің Тайваньның шығысындағы теңіз шекарасы бойынша келіссөздер жүргізу туралы мәлімдемесіне жауап ретінде жасап отырғанын мәлімдеді.
Ал Тайваньның жағалау күзеті әкімшілігі Қытайдың әрекетін халықаралық құқық нормаларын бұзу деп бағалады. Тайвань тарапы жағдайға жауап ретінде алты кемені аймаққа жіберген.
Тайваньдың CNA агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың төрт кемесі Сямэнь портынан шыққанымен, Тайваньның аумақтық суларына кірмеген.