24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Тайваньда белгісіз адам пышақпен шабуыл жасап, үш адамның өмірін қиды. Тағы бес адам жараланды.
Қанды қол қылмыскер метро станциясы маңындағы адам қарасы қалың сауда аймағына қарай бет алып, кездейсоқ адамдарға шабуыл жасапты. Кейін ер адам биік ғимараттан секіріп, оқиға орнында жантәсілім етті. Жергілікті БАҚ таратқан бейнежазбаларда оның газ баллондарын лақтырып, үлкен пышақпен сауда орталығына бет алғаны анық байқалады. Билік мәліметінше, қылмысқа күдікті бұрын істі болған.