Такси жігіттің тойына бардым : Жұлдызай Дүйсенбиева қызық оқиғасын айтты (видео)

11.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«1001 түн» бағдарламасында актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қонақта болды, - деп жазды Aikyn.kz.

Актриса такси жүргізушісінің кішіпейілдігіне риза болып, оның тойына барған сәтті айтып берді. Ол өмірде адамгершілік маңызды екенін атап өтті.

«Шымкентте таксимен тойға бара жатқанмын. Такси жігіт мың болғыр бала екен. Жолай гүл мен конверт алуды ұмытып кеткенімді айтып, жүргізушіден дүкен маңында тоқтауын сұрадым. Бірақ ол мені әуре қылмай, өзі барып алып келді. Оның бұл әрекеті қатты ұнады, тіпті таңғалдым. Сол кезде ол мені өзінің тойына шақырды. Шымкентке жолым түссе баратынымды айттым. Тура сол уақытта той шығып, Шымкентке баратын болдым. Сол жігіттің тойына барып та үлгердім. Ата-анасы таңғалып, көзіне жас алды», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью