Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысында пилотсыз таксилерді сынақтан өткізу басталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, қалалық мобильділік пен логистика саласында бірнеше инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған. Соның бірі – жүргізушісі жоқ таксилерді пилоттық режимде іске қосу.
Министрлік бұл бағыт болашақта цифрлық экономиканың жаңа сегментін құруға көмектесетініне сенімді. Сондай-ақ, жоба мемлекеттік бюджетке қосымша табыс әкелмек.