Талдау мектебіне қатысушылар анықталды

06.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сенаттың қолдауымен жүзеге асырылатын қоғамдық жоба – Талдау мектебінің бесінші легіне қабылдау қорытындысы жарияланды. Жобаға қатысу үшін 1 000-нан аса үміткер өтінім жолдады. Конкурстық комиссия олардың арасынан 71 қатысушыны таңдап алды.

Биылғы оқу 17 қаңтар мен 7 нау­рыз аралығында өтеді. Сегіз апта бойы әр сенбі сайын қатысушыларға отандық және шетелдік танымал лекторлар мен тренерлер – мемлекет қайраткерлері, түрлі саладағы сарапшылар мен аналитиктер дәріс оқиды.

Кезекті оқу курсының тақырыбы – «Smart governance: тиімді басқару үшін деректер, аналитика және жасанды интеллект». Осыған байланыс­ты іріктеу кезінде жұмыс тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ аналитикалық құры­лымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда қызмет ететін, тиісті салада базалық білімі бар кандидаттарға басымдық берілді.

Курс аясында қатысушылар де­ректерді жинау мен талдаудың қол­данбалы әдістерін меңгереді. Әр бағыт бойынша тәжірибелі менторлар­дың жетекшілігімен қатысушылар­дан командалар құрылады. Сегіз апталық оқу аяқтал­ғаннан кейін қатысушылар мен менторлардың бірлескен еңбегі – ана­литикалық материалдар жина­ғы жарық көреді. Бұл материал­дар Парламент депутаттары, Орнық­ты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссия, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар ретінде пайдаланылады.

Талдау мектебінің негізгі мақсаты – мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде, БАҚ-та аналитикалық тәсілдерді күшейту. Айта кетейік, жоба 2021 жылы Сенат жанындағы Сарапшылар клубының бастамасымен және Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен қолға алынды. 2022–2025
жылдары Мектептің төрт легі өткізі­ліп, мемлекеттік қызмет, ака­де­мия­лық және аналитикалық ұйым­дар, БАҚ, ұлттық компаниялар мен аза­мат­тық сектордан шамамен 300 аналитик білімін жетілдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью