Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Талдықорған – Текелі тасжолында Toyota Camry жеңіл көлігінің үстіне ағаш құлады. Оқиға 21 шілдеде болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметінше, ағаш жолға "қолайсыз ауа райы салдарынан, нақтырақ айтқанда, қатты желден" құлаған.
Ағаш құлаған көліктің ішінде бес адам болған. Зардап шеккендер Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Құлаған ағаш жолдың жүру бөлігінен алынды, автокөлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, өтуге ешқандай кедергі жоқ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу