Талдықорғанда 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

23.10.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Талдықорғанда халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

Облыс орталығы Талдықорғанда Жетісу облысының полиция қызметкерлері 54 жастағы күдіктіні ұстады.

Ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап ауыр қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

"Бұл қылмыс есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеумен байланысты", - дейді ведомстводағылар.

Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған күдікті қамауға алынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью