Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда көшеде жанжал болып, ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Жетісу облысының полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 30 наурызда болған.
"Кешкі уақытта таныс адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Жәбірленушіге пышақ салған. Ол қайтыс болды", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция оны ізін суытпай қолға түсірген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.