Талдықорғанда студенттер ECO QUIZ сайысын өткізді

30.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Талдықорғандық студенттер зияткерлік ойын арқылы экологиялық білімін жетілдірді.

Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «ECO QUIZ» сайысына 40 студент қатысты. Олар «Табиғатты қорғау», «Климаттағы өзгеріс» және «Жасыл даму» тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін сынады. Сонымен қатар логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. 

Нұрай Алтайқызы, студент:

- Білімізді толықтыратын сұрақтарды біле алдық. Мысалы қандай ғалымдар қандай ұғымдарды ашқан деген сияқты. Және көптеген пайдалы ақпаратты ала алдық.

Арнай Байжұрынов, "Жетісу жастары" КММ директорының орынбасары:

-«Таза Қазақстан» деген сенбілікпен шектелмейтін дүние. Ол жастардың санасын экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған идиология. Сол себепті біз оны сенбілік деп түсінбей олардың экологиялық мәдениетін артыруға көңіл бөліп жатырмыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью