Талдықорғанда TikTok эфирінде әдепсіз сөздер айтқан тұрғын жауапқа тартылды

02.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Талдықорғанда полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында әдепсіз сөздер қолдану дерегін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тексеру барысында тікелей эфирге қатысқан 32 жастағы жергілікті тұрғын Айдана Мырзағали екені белгілі болды.

Жиналған материалдар негізінде Талдықорған қаласының соты әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл салды.

Полиция әлеуметтік желі — көпшілікке қолжетімді ашық кеңістік екенін еске салады. Сөз бостандығы заң талаптарын бұзуға және қоғамға жат әрекеттер жасауға жол бермейді.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жарияланған контентті кәмелетке толмағандар да көретінін естен шығармауға шақырады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью