Талдықорғанда XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының облыстық іріктеуі өтті

28.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Аудандық және қалалық сайыста жеңімпаз атанған 44 оқушы республикалық кезең жолдамасын сарапқа салды. 

Білім додасында бақ сынауға келгендердің бірі – Әмина Тоқан. Қаратал ауданындағы іріктеуде жеңімпаз атанған ол келешекте ІТ саласының білікті маманы болғысы келеді. Дарынды жас бұл байқауды «Арманына жетелейтін жол», - деп түсінеді. 

Әмина Тоқан «XXI ғасыр көшбасшысы» байқауына қатысушы:

- Осы байқау маған қатты ұнады. Көңілімнен шықты. Себебі бұндай жерлерде көп болмағандықтан мен үшін жаңа болды да. Осындай өзімді жаңа сынақта сынап көру мен үшін өте маңызды болды. Өзімімнің біліміме қанағаттандым. Мен үшін сұрақтар оңай болды. Мен сұрақтардың көбісіне дұрыс жауап бердім деген үміттемін.

Ал Алқау Оңалбек шекаралы аймақтағы Алакөл ауданынан келді. Жыланды мектеп-интернатының оқушысы зияткерлік байқауды бұрыннан біледі. Сондықтан берілген мүмкіндікті мүлт жібермеуге бел буыпты.

Алқау Оңалбек, «XXI ғасыр көшбасшысы» байқауына қатысушы:

- «XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойыны ол бізге бірінші құндылығы барлық балаларға бірге жұмыс істеуге, әр адамға өзінің бағын сынауға, білімін арттыруға көмектеседі деп ойлаймын. 

Оқушылар мектеп бағдарламасындағы пәндерден берілген 60 сұраққа 75 минутта жауап берді. Балалардың жоғары дайындықпен келуіне жобаның маңыздылығын түсінген ұстаздар қауымы да ықпал етті.

Әсел Мұқанова, М. Арын атындағы №24 мектеп лицей директорының орынбасары:

- Бұл зияткерлік сайыс балалардың болашағына үлкен жол салатын баспалдақ. Себебі осы арқылы бала шыңдалады. Жан жақты білімін дайындалады. Болашақта бұл оқушыларымыз мемлекетте белгілі бір орны бар көшбасшы азаматтар болатынына сенімдіміз. 

Жас дарындарды тұтас елге танытатын жобаға білімді өрендердің қызығушылығы артып келеді. Мысалы былтыр аудандық және қалалық сайыстарға 100 бала қатысса, биыл олардың саны алты есе өсіп  отыр.  

Еламан Бекетаев, «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Еліміздің оқу ағарту министрлігі мен республикалық Хабар аранасының ұйымдастыру негізінде «XXI-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы сәтті аяқталды. скл Бұл жарыс скл Жетісу өңірінде екінші мәрте өтті. Жалпы қатысушылар саны 600-ге жуық облыстық кезеңге 44 бала қатысты. Республикалық кезеңге бес бала іріктеліп өтті. 

Облыстық іріктеуде Әлхам Бауыржан, Ақбота Сәбитова, Аружан Жұмәділ, Даниял Досымұлы мен Дархан Жанғазы жеңімпаз атанды. Талдықорған, Текелі қалалары мен Ескелді және Панфилов ауданының оқушылары енді жоғарғы оқу орнының гранты сарапқа салынатын бәсекеге қатысатын болады. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден,  Қуаныш Түргенбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью