Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленіп, 5 келіден аса гашиш тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленіп, 5 келіден аса гашиш тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорғанда Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен Талдықорғанның 62 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тергеу әрекеттері шеңберінде полицейлер бақылау сатып алу жүргізіп, күдіктіден жалпы салмағы 5 грамнан асатын гашиш есірткі заты сатып алынған. Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет тәркіленген.
Сонымен қатар үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылды. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіден асатын, өзіне тән иісі бар, алдын ала болжам бойынша гашиш есірткі заты анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Күдіктіге қатысты сот шешімімен денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
"Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Есірткі сақтау мен таратудың кез келген дерегі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады", – деді Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!