Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бұл туралы ол қала әкімдігінің желідегі парақшасында хабарланды. Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығыма байланысты лауазымынан кету туралы шешім қабылдағанын айтты.
- Денсаулығыма байланысты өз қызметімді аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ. Денсаулығыма байланысты біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Денсаулық жағдайы қызметтік міндеттерімді толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды дұрыс деп санаймын, - деп жазды ол.
Сайлау нәтижесінде Арыстанбек Әбілқайырұлы 2024 жылдың желтоқсан айында қала әкімі қызметіне тағайындалған еді. Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі белсенді жұмысы мен адамдарға кері байланысы арқылы кеңінен танылды.