Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.
Әйелдің денесіндегі жарақаттарды туыстары анықтаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.
— Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлаға едік.