Талғарда ер адамды әйелі мен енесі 30 жерден пышақтап өлтірді

04.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Талғарда ер адамды өзінің әйелі мен енесі бірнеше жерден пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 14 ақпанда болған.

"Әйелі күйеуіне айтпай жылқыларды сатып жіберген. Күйеуі жылқының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған. Оған ашуланған әйелі өзінің шешесімен келіп, күйеуін 30-дан астам жерінен пышақтап өлтірген", - дейді отбасының адвокаты Асылбек Әбдірайымов.

Адвокаттың айтуынша, күдіктілер бірден ұсталған. Қылмыстық іс қозғалды.

"Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью