Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматы облысының Талғар ауданында 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметте марқұм інісімен бірге осыдан 10 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің қабіріне барып, Құран бағыштамақ болған. Оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болған.
Жарияланған ақпарат бойынша, жолда ағайындылардың жолын ішінде үш жас жігіт отырған автокөлік бөгеген. Өтіп кету үшін көліктің есігін жабуды сұрағаннан кейін екі тарап арасында жанжал туындаған. Хабарламаларда айтылғандай, 24 жастағы жігіт көліктен шыққан сәтте қарсы тараптағы жастардың бірі оған пышақпен шабуыл жасаған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 мамыр күні Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмған.
Талғарда тағы да қайғылы жағдай: Бір топ адам 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді
Қылмыс туралы хабар түскеннен кейін полиция сыртқы жасақтарды жұмылдырып, бекеттер орнатқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның үш ауылдасы ізін суыптпай ұсталған.
Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің жауаптарын тексеріп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Құны 17 миллиондық көлігін алып қойған: Талғарда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Соңғы жаңалықтар
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Қоғам • Бүгін, 15:38
Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?
Оқиға • Бүгін, 15:18
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Оқиға • Бүгін, 14:00
Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 13:32
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:22
Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды
Шаруашылық • Бүгін, 13:17
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19