Талғарда тау беткейінен топырақ көшкен аумақта комиссия жұмыс істеп жатыр

09.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, комиссия тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағдайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылап, алдағы уақытта қабылданатын нақты шараларды пысықтаған. 

– Қазіргі таңда тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру, аумақты топырақтан тазарту, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жағдай Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ аудан және облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Фото: видеодан алынған скрин

Еске салайық, 8 ақпан күні сағат 10:23-те тұрақсыз ауа райы мен топырақтың шамадан тыс ылғалдануынан тау беткейінен жер массасы жылжыған. Сол жағдайдан кейін Баянауыл көшесіндегі №8 және №24а жеке тұрғын үйлердің аумағына топырақ түсіп, бетоннан салынған тіреу қабырғадан асып өткен. 

Фото: видеодан алынған скрин

Облыс әкімдігі бұл аумақтағы тұрғын үйлер бұрын тау беткейін өз бетінше кесу арқылы салынғанын мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью