Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: тергеушілерге қандай айып тағылды?

05.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Талғар ауданындағы екі тергеушіге қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және қызмет бабында әрекетсіздік танытты деген айып тағылды. Тергеу нұсқасына сай, бұл жағдай ауыр салдарға ұласып, ер адамның өлімі мен екі жасар қыздың ұрлануына және әйелдің зорлануына себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар ауданындағы екі тергеушіге қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және қызмет бабында әрекетсіздік танытты деген айып тағылды. Тергеу нұсқасына сай, бұл жағдай ауыр салдарға ұласып, ер адамның өлімі мен екі жасар қыздың ұрлануына және әйелдің зорлануына себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Контекст

Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында бір ер адам кәмелетке толмаған екі сыбайласымен жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін алып қашқан. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды.

Оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы полицияға зорлау туралы арызбен жүгінген. Отбасының адвокаты Гаухар Сәриеваның айтуынша, сол кезде полиция күдіктіні ұстау бойынша ешқандай нақты шара қолданбаған.

Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс

Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палманов Tengrinews.kz тілшісіне Талғар аудандық полиция басқармасының екі тергеушісіне қатысты соталды тергеу аяқталғанын айтты. Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша сараланған:

ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы – "пайда табу мақсатында жасалып, ауыр зардапқа әкеп соққан билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану". ҚР ҚК 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы – "ауыр зардапқа әкелген қызметтік әрекетсіздік".

"Процесс қатысушыларына қылмыстық істің материалдары көшірме түрінде берілді, тараптар сот талқылауына дайындықты бастады. Жәбірленуші тарап істің сотта әділ, жан-жақты әрі заң аясында қаралуына үміт артады", – деді отбасының адвокаты.

Бұл ақпаратты Алматы облысының прокуратурасы да растады.

Адвокат Палмановтың мәліметінше, бұған қоса екі учаскелік инспекторға қатысты "салғырттық" және "қызметтік жалғандық" баптарымен тергеу қатар жүрген. Қазір ол іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр.

Іс бойынша айы

Ал Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр.

Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған:

99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)". 125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау". 120-бап, 1-бөлік – "зорлау". 121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері". 190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық". 147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)". 149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру". 115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту". 287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау". 288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау". 200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу". 132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту".

Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталады: адамдар тобы болып кісі өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау.

Трагедия қалай болған?

6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью