Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– Ұлттық құрама – халықтың командасы. Сол философия, сол идеяны алдымен ойыншыларға жеткізу керек. Оны футболшылар жақсы түсінеді. Ендігі кезекте бапкерлер құрамы олармен кездесіп, ортақ іске бірлесе жұмылуға күш саламыз. Алдағы мақсатқа осылайша жетуге көңіл бөлеміз. Қазақстан футбол федерациясы тарапынан алдымызға үлкен мақсаттар қойылды. Биыл өтетін Ұлттар лигасында жеңіске жетіп, жанкүйер сенімін ақтау – басты талап. Соған дайындық жүргіземіз. Түркияда ойыншылармен кездесеміз. Онда қазақстандық командалардың бапкерлерімен жолығамыз. Ұлттық құрама алдымен наурыз айында жиналады. Дайындықтың алғашқы кезеңне жаңа ойыншыларды шақыруымыз мүмкін. Екінші оқу-жаттығу жиыны маусым айына белгіленіп отыр. Ол уақытта жолдастық екі кезедсу өткіземіз деген жоспарымыз бар. Бұл ойындар алдағы футбол маусымына басты дайындық ретінде саналады. Қыркүйек айында Ұлттар лигасын бастап кетеміз, - деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлады.
Талғат Маруаұлы 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші мәрте ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Т. Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.