“Тамағым қырып, көзім қызарып кетті“ алматылықтар қала орталығындағы жағымсыз иіске шағымданды

14.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы орталығының тұрғындары Мұқанов көшесіндегі құрылыстан шыққан өткір химиялық иіске шағымданды. Олардың айтуынша, жағымсыз иістен басталы ауырады. Тұрғындардың шағымына әкімдік қалай жауап бергені – Tengrinews.kz материалында.

"Үйдің ішінде тамағымыз жыбырлап, көзіміз қызарып жатыр"

Шағым әлеуметтік желіде пайда болды. Жазба авторы Мұқанов көшесі, 235 мекенжайындағы жаңа тұрғын үй кешені салынып жатқан ауданда үшінші апта бойы жағымсыз иіс шығып жатқанын хабарлады.

Оның сөзінше, иіс көрші үйлерге де жетеді.


"Қарсы беттегі үйде тұру мүмкін болмай қалды, тіпті бір орам жоғары орналасқан ТҮК-де де бұл иіс сезіледі. Үйде терезе жабық болса да, тамағымыз жыбырлап, көзіміз қызарып жатыр", – деп жазды алматылық тұрғын.

Автордың айтуынша, ол eOtinish арқылы жүгінген, бірақ оның өтініші ведомстволар арасында бірнеше рет қайта бағытталған.

"Ешқандай бұзушылық жоқ": әкімдік не деп жауап берді?

Жазбаға Алмалы ауданының әкімдігі жауап қатты. Баспасөз қызметі аталған мекенжайда ТҮК салынып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта нысанда гидрооқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Алмалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, санитарлық нормалардың бұзылуы анықталған жоқ. Жұмысты аяқтаудың алдын ала мерзімі - осы жылдың 20 қазаны", – деп хабарлады аудандық әкімдік.

"Басымыз үнемі ауырады": басқа үйлердің тұрғындарынан да шағым түсті

Пікірлерден өткір иіске бір емес, бірнеше адамның шағымданып жатқаны белгілі болды. Көршілес ТҮК тұрғыны тіпті терезе жабық болса да, "жағымсыз иістер" сезілетінін айтты.

"Басым үнемі ауырады, бұл сасық иіс бір айдан астам уақыт бұрын басталды, тыныс алу және жүру мүмкін емес. Тұрақтағы көліктерге дейін осы химиялық иіс сіңіп қалған", – деп жазды ол.

Тағы бір қолданушы да eOtinish арқылы жүгінгенін хабарлады. Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өтінішті полицияға жолдаған, кейінірек полиция қызметкері онымен бірге құрылыс кеңсесіне барған.

"Олардың айтуынша, барлық сертификаттары бар екен. Бірақ полиция қызметкері өтінішті СЭҚ-қа ресми түрде тапсырды, тексеруді күтіп жүрмін. Түнде де иіс шығатын болды, басым үнемі ауырады", – деді ол.

Осыған ұқсас шағымдарды тағы бір көршілес ТҮК тұрғындары да қалдырған. Бірнеше адам Мұқанов пен Жамбыл көшелерінің қиылысынан өткенде иістің қатты сезілетінін жазды.

Пайдаланушылардың бірі құрылыс маңындағы жұмысшылармен сөйлескенін айтты. Оның сөзінше, олар иісті гидрооқшаулау жұмыстарымен және сұйық резеңке мен еріткішті қолданумен байланыстырған.

Бұған дейін алматылықтар құрылыс және жол жұмыстарының салдарына шағымданған болатын. Қыркүйекте қаланың түрлі аудандарының тұрғындары көтерілген қою шаң туралы айтты. Кейбіреулер бұл шаңның аллергияны асқындырғанын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью