Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: видеодан алынған кадр

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл әрекетке оның жақын туыстарының бірінің қатысы болуы мүмкін.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша «Ұрып-соғу» бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққанын хабарлаған болатынбыз.

Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды.

Еске сала кетейік, Жетісай аудандық сотында прокурор туған әкесіне қатыгездікпен адам төзгісіз қорлық көрсеткен 41 жастағы Алмас Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью