Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астанадан Ташкентке бағыт алған FlyArystan рейсінің бортында қайғылы жағдай бола жаздады - егде жастағы жолаушы ұшу кезінде есінен танып қалды. Абырой болғанда, жолаушылар арасында тәжірибелі реаниматолог болған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Астанадан Ташкентке бағыт алған FlyArystan рейсінің бортында қайғылы жағдай бола жаздады - егде жастағы жолаушы ұшу кезінде есінен танып қалды. Абырой болғанда, жолаушылар арасында тәжірибелі реаниматолог болған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?Бұл оқиға туралы WhatsApp-тағы редакциялық нөмірімізге куәгерлердің бірі жазды. Оның айтуынша, оқиға 14 мамырда FS7927 рейсінде болған.
"Әйел адамның денсаулығы кенет нашарлап, есінен танып қалды. Көмекке анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ардақ Күшіров келді. Нағыз қаһарман, дәл керек уақытта керек жерден табылды!" - деп бөлісті жолаушы.
Фото: Tengrinews.kz оқырманы
Дәрігер не деді?Біз анестезиолог-реаниматолог Ардақ Күшіровпен байланыстық. Ол оқиғаның түнгі рейсте болғанын, өзі сол кезде ұйықтап жатқанын айтып берді.
"Мен салондағы бір шудан оянып кеттім. Жолаушылардың бірі есінен танып қалған - дауыс зорайтқыш арқылы дәрігер іздеп жатыр екен. Мамандығым бойынша жоғары санатты анестезиолог-реаниматологпын. Мен барған кезде әуе компаниямының қызметкерлері зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіп жатыр екен", - деп бөлісті ол.
61 жастағы пациентті тексерген дәрігер жағдайдың төтенше екенін түсінген: әйел ес-түзсіз жатқан, терісі бозарып, мұрын-ерін үшбұрышы көгеріп кеткен, тамыры әрең соғып тұрған. Соған қарамастан, тыныс алып жатқан.
Дәрігер экипажбен бірге шұғыл көмек көрсетуге кіріскен. Қан айналымын жақсарту үшін әйелдің аяғын көтеріп, оттегі қосып, борттағы реанимациялық жиынтықты қолданған.
"Біз байытылған оттегі қоспасын бере бастадық және ағза мен мидағы қан айналымын жақсарту үшін жолаушының аяғын көтердік. Экипаж маған реанимациялық жиынтықты берді. Қасында бір әйел болды, бірақ ол жәбірленушінің қосалқы және созылмалы аурулары туралы ештеңе білмеді", - деді Ардақ.
Кейін жолаушы есін жиып, қан қысымын төмендететін препараттар қабылдайтынын айтқан.
"Жүргізілген шаралар нәтижесінде жолаушының жағдайы жақсарып, артериялық қысымы 70 сынап бағанына дейін көтерілді. Кейін ол есін жиып, гипотензивті препараттар қабылдайтынын хабарлады", - деді Ардақ.
Көмек көрсетілгеннен кейін оның жағдайы біртіндеп оңалған. Дәрігердің айтуынша, кофенің де көмегі тиген.
"Кофеиннің арқасында жолаушының жағдайы тұрақталды және ұшақ межелі жерге дейін сапарын жалғастыруды ұйғарды. 30–40 минут ішінде ол өзін жақсы сезініп, біз оны орындығына қайта отырғыза алдық", - деп толықтырды ол.
Ардақтың айтуынша, Ташкентке келген соң жолаушыға медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болмаған және олар паспорттық бақылаудан бірге өткен.
Ардақ бортсеріктердің жұмысын атап өтіп, экипаждың жердегі қызметтермен үнемі байланыста болғанын хабарлады.
"Барлық әрекет пен параметрлер тіркеліп, ол туралы дереу әуе кемесінің командиріне хабарланып отырды. Менің түсінуімше, олар жердегі қызметтермен де байланысқа шығып, үнемі хабарласып отырды", - деді дәрігер.
Бұл ретте дәрігер бортта мобильді пульсоксиметрдің болмағанына назар аударды.
Әуе компаниясы не дейді?"Борттарды мобильді пульсоксиметрмен қосымша жабдықтаса тамаша болар еді, бұл жағдайды бағалауды және динамикалық бақылау жүргізуді айтарлықтай жеңілдетер еді", - деп түйіндеді ол.
Біз FlyArystan баспасөз қызметіне пікір алу үшін хабарластық, онда Астана – Ташкент рейсіндегі оқиғаны растады.
"14 мамырда Астана – Ташкент бағыты бойынша FS7927 рейсін орындау кезінде жолаушылардың бірі экипажға денсаулығының нашарлағанына шағымданып жүгінді. Экипаж белгіленген процедураларға сәйкес дереу алғашқы көмек көрсетіп, жолаушының жағдайын бақылауды ұйымдастырды. Экипаждың сұрауына бортта болған дәрігер үн қатып, көмек көрсетуге жәрдемдесті. Жолаушының артериялық қысымының төмендегені тіркелді", - деп хабарлады әуе компаниясы.
Тасымалдаушының баспасөз қызметі кеңес алу үшін медициналық қызметпен байланыс орнатылғанын қосып өтті. Дәрігер мен бортсеріктер көмегінен кейін жолаушының жағдайы жақсарған.
"Экипаж кеңес пен ұсыныстар алу үшін MedLink медициналық қызметімен қосымша байланысты. Көмек көрсетілгеннен кейін жолаушының жағдайы жақсарып, артериялық қысымы тұрақталды. Рейс аяқталғанға дейін оның жағдайы экипаждың бақылауында болды. Дәрігер денсаулығының жақсарғанын және қонғаннан кейін медициналық көмектің қажеті жоқтығын растады", - деп бөлісті әуе компаниясы.
Әуе тасымалдаушы мәліметінше, Ташкентке келгеннен кейін жолаушы медициналық көмектен бас тартқан. Әуе компаниясы дәрігерге рейс кезінде жолаушыға көмектескені үшін алғыс білдірді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу