Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Тамыз ортасында Алматыда жоғалып кетіп, іздеуде жүрген ер адам Шымкенттен табылды. Бұл туралы ақпаратты Lider.kz еріктілер ұйымы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Сархыт Руслан Аманкелдіұлы (04.06.1993 жылы туған) 2026 жылдың 16 тамызында жоғалып кеткен. Сол күні кешкі сағат 21:15 шамасында ол Қарасай ауданы, "Молл "Апорт" СОО мекенжайындағы автотұрақтан шығып кеткен.
Жоғалған кезде ер адамның үстінде қара футболка, қара шорты және қара резеңке аяқ киім (шлепанцы) болған.
7 қыркүйекте еріктілерге тиісті мәлімет түскеннен кейін, жоғалған адам Шымкенттен табылды. Ер адам үйленген, төрт баласы бар екені анықталды. Еріктілердің айтуынша, ол отбасылық мәселелерден шаршап, үйінен кетіп қалған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу