Тамыз айында Нұрлы жол Арқалық бағытында жаңа пойыз қатынайды

16.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жолаушыларды тасымалдау 2024 жылы шығарылған RWS Wagon жаңа вагондарымен жүзеге асырылады. Пойыз құрамында 3 купе және 3 плацкарт вагоны болады. Бір бағытта 250-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бар.

Вагондар қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр розеткалары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер, арбаға арналған орындар және жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың пайдалану мерзімі – 40 жылға дейін.

Жазғы маусымда 4 пойызда вагон-мейрамхана іске қосылды

Пойыз күнара қатынайды:

«Нұрлы жол» станциясынан – 2-30 тамыз аралығында жұп күндері; Арқалық станциясынан – 3-31 тамыз аралығында тақ күндері.

Қозғалыс кестесі

«Нұрлы жол» станциясынан:

жөнелту – 23:05 Арқалық станциясына келу – 09:16

Арқалық станциясынан:

жөнелту – 21:20 «Нұрлы жол» станциясына келу – 07:16

Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді

Жол бойында пойыз «Нұрлы жол», Жалтыр, Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинская, Арқалық және басқа да станцияларға аялдайды.

Жол жүру құны: 

купе – 9 900 теңге; плацкарт – 6 800 теңге.

Бұл пойызда «Алтын», «Алтын 1», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконттық карталарының жеңілдіктері қолданылады.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly ресми парақшадан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью