Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болады Казгидромет

05.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Биыл тамызда Қазақстанның кейбір өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды Казгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, тамызда 7 өңірдің бірнеше елді мекенінде құрғақшылық болады. Олар:

Батыс Қазақстан облысы:

Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында

Ақтөбе облысы:

Шалқар және Ырғыз аудандарында

Атырау облысы:

Құрманғазы ауданында

Алматы облысы:

Балқаш ауданында

Жамбыл облысы:

Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында

Түркістан облысы:

Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында

Қызылорда облысы:

Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында құрғақшылық болауы мүмкін.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа райы бірқалыпты ылғалды болады, дейді синоптиктер.

Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью