Таңғы кезекшіліктен кейін жоғалып кеткен: Қазақстанда сарбазға іздеу жарияланды

27.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 26 шілдеде ведомствоның әлеуметтік желісіндегі ақпардан белгілі болды.

"2026 жылғы 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі (күндізгі кезекші) міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Өзінде қару болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін",- делінген таратылған ақпаратта.

Белгілері:

бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы – қысқа, бетінде меңдері бар.

Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды.

Атап өтілгендей, берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады.

Іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бақылауында.

Сенім телефондары:

8 (7232) 62-34-158 705 508 39 398 775 553 53 35

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ (@military_police_kz)

Бұған дейін криптовалютамен заңсыз айналысқан қазақстандықтың 1,9 млрд теңгесі тәркіленгенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью