Танымал әнші Қарақат Әбілдина еш жерде жарияланбаған суреттерін көрсетті (ФОТО)

30.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында сахнадағы шынайылық туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, көпшілікке көбіне тек сәтті шыққан фотолар ғана ұсынылады, ал көңілден шықпаған кадрлар архивте қалып қояды немесе мүлде өшіріледі.

"Әдетте біз сәтті шыққан фотоларды ғана көрсетеміз. Ал сәтсізін архивте қалдырамыз не өшіреміз. Қалай десек те өмір де, сахна да тек әдемі сәттерден ғана тұрмайды. Сол сәтсіз көрінген кадрлардың артында шынайылық бар. Осы пост-карусельге бір әнді орындау барысындағы әр түрлі эмоциямен түскен фотолар тізбегін салдым. Бір әнді орындау барысында қаншама эмоция десеңізші?! Осы шынайы қалпымызда жақсы көретін көрерменіміз де баршылық деп ойлаймын. Сәтсіздеу шыққан фотоларыңызбен бөлісуге қалай қарайсыз? Салып жатсаңыз мені белгілеуді ұмытпаңыз, иә?" – деп жазды өнер иесі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью