Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Анатолий Цой – Талдықорған қаласының тумасы. Ол көпшілікке алғашында Қазақстандағы SuperStar KZ жобасы арқылы танылып, кейін Ресейдегі "Хочу к Меладзе" шоуында жеңіске жетті. Осыдан кейін әйгілі MBAND тобының құрамына қосылып, үлкен сахнадағы жолын бастады.
Өнер иесі шаңырақ көтергені жайлы Instagram парақшасында хабарлап, шіркеудегі неке қию рәсімінен бірнеше сурет жүктеді.
Сурет: Instagram/anatoliytsoy_official
Бұл ретте, әнші жұбайының жүзін көрсетпей, жеке өмірін көпшілікке жария етпеуді жөн көрді.
"И я надел ей кольцо на пальчик..",- деп өнер иесі "Она вернется" хитінің тармағын еске алды.
Сурет: Instagram/anatoliytsoy_official
Айта кетейік, Анатолий Цойдың үйленгені жайлы қауесет бірнеше жылдан бері таралып келеді. Алайда, әнші жұмысы мен жеке өмірін бөлек ұстайтынын айтып, жағдайға ешқандай пікір білдірмей келген.