Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Танымал блогер Айжан Байзақова сәбилі болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Айжан Байзақова қуанышын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол қызды болуды армандап, соған жеткеніне ризашылық білдірді.
"Қош келдің біздің отбасымызға, қызым! Мен сені қанша армандадым...Әкеңді құттықтаймын. Босану қалай өткенін бірнеше сағаттан кейін айтып беремін. Қазір құттықтауларды қабылдап жатырмыз. Жоғалып кеткенім үшін уайымдадыңыздар, білемін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, блогер жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.