Танымал гаджет ұшақта өртеніп кетті зардап шеккендер бар

24.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

American Airlines әуекомпаниясының Атлантадан Далласқа бағыт алған рейсінде жолаушының ноутбугі өртенді. Салон ішін түтін басып, бірнеше адам күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Оқиға American Airlines компаниясының Атланта - Даллас рейсінде болған. Бортта 133 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Express Daily мәліметінше, ұшақтың қонуына жарты сағат қалғанда жолаушылардың бірінің ноутбугі өртене бастаған. Түтін салон ішіне тез тарап кеткен.

Құрылғы иесі жанып жатқан ноутбукті лақтырып, содан кейін бірнеше жолаушы экипажға тілсіз жауды ауыздықтауға көмектескен.

Пилоттың диспетчерлермен сөйлескен аудиожазбасына сәйкес, жанып жатқан құрылғыны сөндіруге тырысқан төрт-бес адамның қолын күйік шалған.

WSB-TV Facebook парақшасында жолсеріктер өртті шамамен бес минутта сөндіре алғанын жазды. Осыдан кейін ноутбук арнайы отқа төзімді қапқа салынған.

Бұл жағдайға қарамастан, экипаж Далласқа дейінгі ұшу бағытын жалғастырды.

Ұшақ қонған бойда оны шұғыл қызметтер мен медиктер күтіп алды. Жолаушылардың біріне әуежайда медициналық көмек қажет болды.

АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) оқиғаға қатысты тергеу бастады.

Әуекомпания не дейді?

American Airlines өкілдері жолаушының құрылғысынан түтін шыққаны туралы хабарламадан кейін ұшақтың қауіпсіз қонғанын мәлімдеді.

"American Airlines әуекомпаниясының 2398 рейсі DFW әуежайына аман-есен қонды. Құрылғыны тез арада оқшаулауға мүмкіндік берген қызметкерлерімізге кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс айтамыз", - деді әуекомпания өкілдері.

Тағы оқыңыз: Malaysia Airlines ұшқышы чемодан ішіндегі заттар үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью