Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Испанияның танымал Тенерифе аралында туристерге қатысты жаңа шектеу енгізілді. Жағажайда шылым шеккен, шатыр тігіп түнеген, дауысын қатты шығарып музыка тыңдаған және қоқыс тастаған демалушыларға 3000 еуроға дейін (шамамен 1,5 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Travel.
The Sun мәліметінше, шектеу Бахамар, Пунта-дель-Идальго, Ховер және Ла-Барранкера жағалау аймақтарына таралады. Жаңа ережелерге сәйкес туристерге:
жағажайларда және табиғи бассейндер маңында шылым шегуге; шатыр тігіп түнеуге; қоқыс тастауға, соның ішінде қоғамдық душта сабын мен сусабын қалдыруға; өзге демалушыларға кедергі келтіріп, қатты музыка қосуға және шулауға тыйым салынады.Шу деңгейіне қатысты шектеу ресми түрде келісілген іс-шаралар кезінде ғана қолданылмайды.
БАҚ мәліметінше, жаңа ережені бұзғаны үшін туристерге 3000 еуроға дейін (шамамен 1,5 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Жеңіл түрде бұзса 300 еуро (шамамен 150 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Тағы оқыңыз: Туристерді Оңтүстік Американың әйгілі көрікті жеріне жібермей жатыр: не белгілі?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу