Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Ktk.kz мәліметінше, қолжетімді бағалар мен әлеуметтік желілердегі жақсы пікірлер адамдарды осы компанияға сенуге итермелеген. Бірақ көп ұзамай әдемі жарнама күйреп түсті.
Алматы тұрғыны Гауһар Маратқызының айтуынша, Маврикий мен Үндістанға тур брондап, 50 пайыз алдын ала төлем жасаған. Турлары 4 және 10 мамырға жоспарланған. 2 наурызда 400 мың теңге төлеген.
«Ұшуға 3-4 күн қалғанда: «Неліктен чат әлі ашылмады?» деп сұрадым. Кейін олар: «Кешіріңіз, чатыңыз жоғалып кетіпті, таба алмадық. Топ толық жиналмағандықтан, турыңыз тоқтатылды», деп жауап берді», дейді Г. Маратқызы.
Ал шетелге барып үлгерген туристердің жағдайы одан да қиын болған.
«Мен екі баламмен және зейнет жасындағы үлкен кісілермен бірге болдым. Бізді түнгі сағат үште Қытайдың Чэнду қаласында, бөтен елде, тіл білмейтін жағдайда тастап кетті. Компания өкілі 14 туристің тек 5-еуіне ғана билет сатып алынғанын айтты», дейді Ақниет Нұрмұхамедова.
Рақымшылық дұрыс қолданылмаған: Түркия мен Египетке жалған жолдама сатқан алаяқ қайтадан сотталды
Компания басшысы жағдайға байланысты өз пікірін білдірген, мәселе техникалық ақаудан туындаған.
«11 мамыр күні біздің WhatsApp пен Instagram желілері бір мезетте жұмысын тоқтатты. Салдарынан көптеген клиенттер бізбен байланыса алмады. Сол кезеңде көптеген турлар жүзеге аспай қалды, бұл жанжалға себеп болды. Қазір кейбір клиенттерге қаражаттың бір бөлігі төленді, ал кейбірімен толық есеп айырыстық», дейді Еркебұлан Аймұратұлы.
Клиенттер жаппай полицияға арыз түсіріп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Арызбен жүгінген барлық азаматтардың өтініштері қабылданған.
Компания басшылығы ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, зардап шеккендер қатаң шара қолдануды талап етіп отыр.
Қостанайлықтар туристік компанияға 40 млн теңгеге алданып қалды