Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова жайлы жанкүйерлері күтпеген ақпарат тарады

17.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова елордалық «Астана» клубынан кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы «Инсайды волейбол KZ» Telegram-арнасы жазды.

Әлеуметтік желілерде бір миллионнан астам оқырманы бар Алтынбекова 2025 жылдың қыркүйегінде «Астанамен» келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеген еді. Бірақ биылғы маусымда ол бұл ұжым сапында өнер көрсетпейді.

«Қазақстандағы ең танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова биылғы маусымда “Астана” сапында алаңға шықпайды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, спортшы “Астана” ВК-мен келісімшартын үзген», – делінген хабарламада.

29 жастағы спортшы «Астана» құрамына Индонезияның Yogya Falcons клубынан ауысып келген болатын. Алайда биылғы маусым команда үшін сәтсіз өтті: ұжым 18 матч өткізіп, бірде-бір жеңіске жете алмай, ел чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

Бұған дейін Алтынбекова жапониялық GSS Sunbeams және БАӘ-нің Al-Wasl клубтарында өнер көрсетті. «Al-Wasl» сапында ол Араб лигасының чемпионы атанды.

Айта кетейік, Алтынбекова 17 жасынан бастап Қазақстанның түрлі жас санатындағы ұлттық құрамаларына шақырылып келеді. 2014 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жарқырап көрініп, турнирдің ең сұлу спортшысы атанған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью