Танзанияда сайлаудан кейігі тәртіпсіздіктер кезінде адамдар мерт болды

02.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оппозициялық «Чадема» партиясының өкілі AFP агенттігіне қауіпсіздік күштерімен текетірес барысында 700-ге жуық адамның өлтірілгенін мәлімдеді. Танзаниядағы дипломатиялық өкілдік BBC қызметіне кемінде 500 адамның өлімінің дәлелі бар екенін жеткізген.

Қазіргі таңда құрбан болғандар туралы бағалаулар әр жерде әрқалай айтылып жатыр, ал интернеттің сөндірілуі мәліметтерді тексеруге қиындық тудырып отыр.

Үкімет зорлық-зомбылықты мейлінше азайтуға тырысып жатыр, олар тәртіпсіздіктерді басу үшін коменданттық сағат мерзімін ұзартты.

Демонстрацияға қатысушылар арасында жастар көп. Сайлау нәижелеріне қанағаттанбаған олар Танзания бойынша барлық қалаларда наразылық білдіріп жатыр.

Наразылық білдірушілер билік өкілдерін демократияға нұқсан келтірді деп айыптап отыр. Оның себебі оппозиция көшбасшыларының бірін қудаланып, түрмеде отырса, енді біреуін техникалық себептерге байланысты сайлаудан шығарған. Нәтижесінде бұл жағдай іс басындағы президенті Самии Сулуху Хасанның жеңіске деген мүмкіндігін кеңейтіп отыр.

Осыған дейін «Чама Ча Мапиндузи» партиясының атынан қкілдік етіп отырған Танзанияның іс басындағы президенті Самии Сулуху Хасанның президент сайлауында сайлаушылардың 97,66 пайыз даусын жинағаны мәлім болды

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью