Тараз полициясы 43 жастағы күдіктіден 122 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі

09.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ түріндегі зат салынған зип-пакеттер табылып, тәркіленді. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында жатын бөлмесінен ұқсас орамалар, электронды таразы және есірткіні өлшеп, орауға арналған құралдар алынды. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, күдікті әлеуметтік желілер арқылы жұмыс туралы хабарландыруды көріп, есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз қызметпен айналысуға келісім берген. Ол есірткіні жасырын орындардан алып, бөлшектеп, Алматы мен Тараз қалалары аумағында жасырын жерлерге қалдырып отырған.

Жалпы тәркіленген есірткі көлемі – 122 грамм Альфа-PVP синтетикалық зат.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып, қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа тұлғаларды табуға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұдан бұрын Қарағандыда есірткіге қарсы акция кезінде 2 мыңнан астам граффити жойылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью