Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Таразда әйел екі кішкентай баласын терезеден лақтырып жіберді. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оған сәйкес, Төле би даңғылында орналасқан жатақханада 36 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен алдымен төрт жасар қызын, одан кейін екі жасар ұлын лақтырып жіберген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, екі бала да аман қалды. Бірақ ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды.
"2021 жылы туған бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды. Миы ісіп, сан сүйегі сынған. Ісікке қарсы терапия жасалды. Ертең аяғына және санына ота жасалады", - дейді дәрігерлер.
Екі жасар ұл да басынан ауыр жарақат алған. Миы ісіп кеткен.
Ал полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Екі баласын терезеден лақтырған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.