Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қылмыстық оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрдан екі ер адамның 13 жасар қызды күштеп көлікке кіргізуге оқталғанын байқауға болады. Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан адам көмекке келеді.
– Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда әйел адам екі баласын терезеден лақтырып жібергенін жазған едік.