Таразда 99 жастағы тұрғынның жеке куәлігін полицейлер үйіне апарып табыстады

10.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарттарға қамқорлық көрсету – полицияның күнделікті қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Тараз қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметінің қызметкерлері 99 жастағы қала тұрғынының жаңа жеке куәлігін уақытылы алуына көмек көрсетті. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

 1927 жылы туған қария қала тұрғыны жеке куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты, құжатын қайта рәсімдеу үшін көші-қон қызметіне жүгінген. Полицейлер барлық қажетті құжаттарды жедел рәсімдеп, жаңа жеке куәлік дайын болғаннан кейін оны әдеттегі тәртіппен берумен шектелмей, қарияның үйіне барып табыстауды ұйғарды. Полиция қызметкерлері қарттың шаңырағына арнайы барып, салтанатты жағдайда жаңа жеке куәлігін табыс етті. 99 жастағы қария үшін мұндай қамқорлық ерекше әсер сыйлады. Өз кезегінде қария полиция қызметкерлеріне көрсеткен ілтипаты мен көмегі үшін шынайы алғысын білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тіледі. 

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Әсіресе, егде жастағы адамдарға және денсаулық жағдайына байланысты полиция бөлімшесіне өздігінен келе алмайтын азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. 

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметтер олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша көрсетіліп, әрбір азаматтың қажетті көмекті жедел әрі қолайлы жағдайда алуына мүмкіндік жасалады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью