Таразда әйел баласын ұрған сәтті видеоға түсірген

02.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Тараз қаласының тұрғыны бүлдіршін баласын ұрып, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда бүлдіршінді әйелдің ұрғаны көрсетілген. Ол өзінің ұрғанымен қоймай, қызын да баланы ұруға мәжбүрлеген. Желідегі ақпаратта әйел бұл әрекетін бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында жасағаны айтылған.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінде.

Балаға жедел түрде медициналық қызметкерлермен тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама жасалған.

Әйел тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеу қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады, дейді полицейлер.

Осы оқиғаға қатысты оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылғанын, олардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық көлемде қамтамасыз етілгенін хабарлады.

"Балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты. Балаларға қатысты қатыгездікке ешбір жағдайда жол берілмейді. Аталған дерекке тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью