Таразда баласы қайыр сұрағаны үшін анасы жауапқа тартылды

04.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Таразда ұлының қайыршылықпен айналысқаны үшін анасы жауапқа тартылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.

Істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Әйел кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша жауапқа тартылды.

"Сот оның кәмелетке толмаған ұлы Тараз қаласында бағдаршам жанында жүргізушілерден қайыр сұрап, қайыршылықпен айналысып жүргенінде полиция қызметкерлерімен ұсталғанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Баланың 16 жасқа толмауына байланысты хаттама оның анасына қатысты толтырылды.

Әйел кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью