Таразда дәрігерлер тың операция жасауды үйренеді | Qazaq24.com
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Енді Таразда тірек қимыл апаратының бұзылысы бар және туа біткен буын ауруларына шалдыққан балаларға операция жасалады.
Бұған дейін емдеу шаралары Астана және Алматыдағы республикалық орталықтарда өтетін.
Жергілікті дәрігерлер біліктілікті арттыру үшін белоруссиялық ортопед-травматологтармен бес күн бойы 20-дан аса операция жасайды.
Олар тізесі, буыны ашылмайтын және сүйек, сіңір, бұлшықет буындары дамымаған балаларды қабылдайды.
Жаңа тәсілді меңгерген ақ халаттылар жылына 100-ге жуық операция жасауды жоспарлап отыр.
Демеу Әліпбаев, дәрігер-травматолог: - Үлкен етіп кеспей, кішігірім жолдармен, аз жарақаттаумен жасалынатын операциялар.
Бұл операциялардан кейін олар өздерінің жүруіне болмаса да өз-өздеріне көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Жатқан балалар бар.
Читать полностью
Читать новость