Таразда ер адам итті көлікке байлап сүйреген

19.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Таразда итті жүк көлігіне байлап асфальтта сүйреген жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 желтоқсан күні таңертең Саңырақ батыр көшесінде болған. Белгісіз адам иттің аяғы мен мойнынан байлап алып, көлікпен сүйреген.

Полиция оның ит аулайтын мекеме қызметкері екенін айтты.

"Арнайы аулау қызметінің көлігін басқарған инспектор анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді полицияда.

Ал ит аулайтын мекемеге бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою және алдын алу жөнінде ұсыным жолданған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью