Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған видео

18.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген. Оқиға 16 ақпанда күндіз аялдаманың маңында болған. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген. Оқиға 16 ақпанда күндіз аялдаманың маңында болған. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі taraz_life парақшасында жарияланған. Жазбаға пікір қалдырған оқырманның айтуынша, аялдамада тұрған ер адам араша түсіп, олардың әрекетіне кедергі келтірген. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бейнежазбаны қыздың әкесі бақылау камерасынан алған. Жазбаны көріп отырып, ол қызымен байланысып, болған жағдайды нақтылаған. Видеода сол әңгіменің кей тұсы да естіледі. Қыздың айтуынша, ер адамдардың бірінің басында ақ түсті бас киім болған.

Тараз қалалық полициясы қызды ұрлауға талпынған күдіктілердің "ізін суытпай" ұсталғанын мәлімдеді.

"Полицияға автокөлікпен аялдамада тұрған қызды екі ер адамның алып кетуге әрекеттенгені туралы хабарлама түсті. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция балалардың қауіпсіздігіне кез келген қолсұғу ерекше бақылауда екенін және қолданыстағы заңнама аясында қатаң тоқтатылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью