Таразда мектепте төбелес болып, жасөспірім көзінен ауыр жарақат алды

15.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Тараз қаласындағы меткеп-гимназияда болған төбелес кезінде оқушының көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады.

Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, оқиға сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған. Белгілі болғандай, жоғары сынып оқушылары арасында келіспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан бір оқушы жарақат алып, оған мектептің медициналық кабинетінде алғашқы көмек көрсетілді, дейді басқармада.

Кейін жедел жәрдем шақырылып, оқушы медициналық мекемеге жеткізілген.

Жасөспірімге жедел ота жасалған. Денсаулық сақтау басқармасында оқушының сол жақ көзіне ауыр жарақат келтірілгенін растады.

"Негізгі диагноз - сол жақ көз алмасының ауыр жарақаты. Сол көзге операция жасалды. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Ауруханаға жатқызылған кезде де, ота жасалғаннан кейін де сол көздің көру деңгейі нөлге тең болды", - деді денсаулық басқармасында.

Полиция оқушыға ауыр жарақат салған күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу шаралары басталып, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша іс қозғалды.

"Тергеудің нәтижесінде барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұдан бөлек, оқушылардың ата-аналары тәрбие беру бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады", - дейді полицейлер.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью