Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Таразда қатты соққан жел ішінде екі бала ойнап жүрген батутты көтеріп жіберді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Әкімдік балалардың жағдайы мен кәсіпкерлерге қандай шара қолданылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Батут аударылып қалды"
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан үрлемелі батуттың тұрақ маңында бүйіріне аударылып қалғанын көруге болады.
Шошып кеткен куәгерлер құрылымға жүгіріп барып, балалардың сыртқа шығуына көмектесу үшін шетін қолымен ұстап тұрды.
"Балалар зардап шекпеді": әкімдік не дейді?Тараз әкімдігі қатты желге байланысты батут көтеріліп кеткенін хабарлады. Сол сәтте оның ішінде екі бала болған.
"Оқиға салдарынан олар жерге құлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барды. Дәрігерлер балаларды тексеріп, ешқандай жарақат анықтаған жоқ. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қала әкімдігі батут орнатқан кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынғанын хабарлады.
Сондай-ақ әкімдік аттракцион орналасқан автотұрақ иесі де жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Әкімдік мәліметінше, тұрақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Бұған дейін Қызылордадағы "Арай" саябағында аттракцион 19 жастағы қызметкердің аяғын басып қалған болатын. Дәрігерлер оған бірнеше ота жасап, сол аяғына ампутация жасады. Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу