Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

15.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Геннадий Ивановтың 100 жасқа толды.

Майдангерді мерейтойымен құттықтауға әскерилер, қарияның туған-туыстары, жақындары мен достары жиналды. Геннадий Иванович қонақтарды өзі қарсы алып, игі тілектер үшін ризашылығын білдірді.

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТаразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана

Қарияның майдан жолы 17 жасында басталған. Ол соғыс жылдарында Берлинге дейін жетіп, Жеңістен кейін де әскери қызметін жалғастырған.

"Ардагер келген қонақтарға ерекше ілтипат пен жылы лебіздері үшін шын жүректен алғыс айтты. Әскери қызметшілермен жүздесу өзіне әрқашан ерекше сезім ұялататынын, өйткені әскери бауырластық оның өмірінің мәңгілік ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті", - дейді Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТаразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана

Іс-шара барысында Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың атынан жолданған құттықтау хат оқылды. Әскерилер майдангерге ерен ерлігі, Отан алдындағы көпжылдық мінсіз қызметі мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетері, бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының үш ардагері тұрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью