Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Таразда мектептегі жанжал кезінде сыныпсатын өлтіріп алған жасөспірім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда мектептегі жанжал кезінде сыныпсатын өлтіріп алған жасөспірім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі).
Не анықталған?Кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы, Тараздағы мектеп ғимаратында өзінің кәмелетке толмаған құрдасы А.-мен жанжал кезінде оған күш қолданған. Кейін мойын жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтары, сараптамалар қорытындысы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымыПрокурор сотталушыға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәні ішінара мойындаған. Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өндіруді сұрады.
Сот үкіміСот үкімі бойынша, сотталушы Р. ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК 81-бабының 7-бөлігі және ҚК 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы негізінде 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться