Таразда Таза Қазақстан аясында 7 мыңға жуық ағаш көшеті егілді

19.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шамамен 7 мыңға жуық ағаш көшеті егілді.

Шара «Ұлы дала» шағын ауданы мен «Барысхан» тұрғын алабында өтті. Демалыс күніне қарамастан, экологиялық бастамаға мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының өкілдері мен қала тұрғындары бар 500 адам қатысты. Білім беру нысандарының айналасы мен көшелердің бойына қарағаш, қарағай секілді түрлі ағаш егілді. Алдағы уақытта тамшылатып суару әдісі қолданылады. Күздің соңына дейін облыс орталығында 20 мың ағаш егу жоспарланған. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірде жыл басынан бері 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

Кенжеғали Шилібек, қалалық мәслихат депутаты:

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью