Таразда Ұлт рухы домбыра үні флешмобы өтті

23.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Таразда «Ұлт рухы – Домбыра үні» атты кең ауқымды флешмоб өтті. Қос ішектің үнімен ел рухын көтерген 100-ге жуық оқушы бір мезетте қазақтың әйгілі – «Жастар күйі», «Келіншек», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Түркімен» күйін орындады.

Олар осы туындыларды «100 ән - 100 күй» жобасы аясында үйренген. Жас өнерпаздар көрерменге  ерекше рух беріп,    мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қара  домбыраның киелі үнін  жас ұрпақ санасына сіңіру болды.

Ілияс Елдекен, оқушы:

- Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

  Алаштың ерлері бар асыл өткен.

  Арманым болмас еді-ау туған елім,

  Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Республика күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.

Айша Жолдасбекова, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

- Бұл іс - шараның басты мақсаты оқушыларға патриоттық және рухани адамдершілік тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ұлттық, киелі аспабымыз домбыраны жасөспірімдердің арасында кеңінен насихаттау. Тараз қаласындағы зияткерлік мектебі де осы іс-шараға белсенді атсалысуда. Бұл флешмоб домбыра үнімен ұлттың рухының біріккен ерекше сәті - деп есептейміз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью