Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы чемпионатқа елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас балуан қатысып отыр. Бұл доданың маңызы ерекше – жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын негізгі үміткерлер қатарына қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысушыларды құттықтап, Тараз өңірінің спорт тарихындағы ерекше орнын атап өтті.
«Даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз бастаған Жамбыл өңірі күрес шеберлеріне әрдайым бай екенін дәлелдеп келеді. Өңірден шыққан саңлақ спортшылар ел спортының тарихына өз есімдерін алтын әріптермен жазды. Бұл – бүгінгі жас буын үшін үлкен өнеге әрі мақтаныш. Жетістіктер өңірде спортты жүйелі дамытуға бағытталған еңбектің, жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды ізденісінің нәтижесі. Сіздерге жоғары нәтижелер мен әділ бәсеке тілеймін», деді өңір басшысы.
Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов чемпионаттың еліміздегі күрес спортын дамытудағы маңызын атап, жас балуандарға сәттілік тіледі.
«Ел чемпионатының киелі Тараз төрінде өтуі – ерекше қуаныш. Себебі бұл өңір талай әлем және Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген қасиетті мекен. Балуандардың арасынан еліміздің намысын абыроймен қорғайтын мықты чемпиондар шығатынына сенемін. Бұл жарыс – жастар үшін үлкен халықаралық додалардың алғашқы баспалдағы», деді ол.
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті
Биылғы чемпионатта жас балуандарға ақшалай сыйақылар қарастырылған:
− U15 санаты: чемпион – 200 мың теңге, күміс – 100 мың теңге, қола – 50 мың теңге.
− U23 санаты: чемпион – 500 мың теңге, екінші орын – 300 мың теңге, үшінші орын – 150 мың теңге.
Сондай-ақ, «Қайсар рух» және «Дара тәсіл» номинацияларының жеңімпаздары 150 мың теңгеден алады.
Чемпионаттың алғашқы күндері грек-рим күресінің U15 санаты бойынша белдесулер өтті. Алтын медальға Берекет Исмагулов (38 кг, Маңғыстау облосы), Райымбек Жақсылық (41 кг, СҚО), Нұралы Амангелді (44 кг, Абай облысы), Роллан Ким (48 кг, Алматы қаласы), Даниал Қанатбай (52 кг, Алматы облысы), Айтуған Осман (57 кг, Түркістан облысы), Санжар Тулепов (62 кг, Алматы қаласы), Руслан Бәкір (68 кг, Жамбыл облысы), Нұртуған Мұрат (75 кг, Қарағанды облысы), Ерали Мұратов (85 кг, Абай облысы) және Нұрмұхаммед Талғат (+85 кг, Абай облысы) ие болды.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы (1 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль) 155 ұпаймен көш бастады. Жамбыл облысы (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) – 106 ұпай, Абай облысы (3 алтын) – 89 ұпаймен екінші және үшінші орындарды иеленді. Ұпай саны United World Wrestling ережесі бойынша әр салмақ дәрежесіндегі көрсеткіштен есептелді.
Чемпионат 18 наурызға дейін жалғасып, жас балуандардың өнері көрермендерді тағы қуантады.
Соңғы жаңалықтар
Астанадағы қылмыс: Сәнияның туыстары тергеудің әділдігіне сенбейді
Қоғам • Бүгін, 16:11
Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті
Президент • Бүгін, 16:06
Қазақстанда ЖИ-ді дамытуға арналған 200-ден астам датасет ашылды
Технология • Бүгін, 15:59
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
Президент • Бүгін, 15:47
Конституциялық өзгерістер: Институционалдық жаңғырудың жаңа кезеңі
Ата заң • Бүгін, 15:33
Президент • Бүгін, 15:22
Атырау тұрғынынан 3,5 метрлік жылан мемлекет кірісіне тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:06
Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады
Президент • Бүгін, 14:56
Президент • Бүгін, 14:52
Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет
Президент • Бүгін, 14:40
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?
Президент • Бүгін, 14:36
Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет
Президент • Бүгін, 14:24
Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ
Президент • Бүгін, 13:55
Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс
Президент • Бүгін, 13:27